Ауған ресмилерінің хабарлауынша, елдің Фарах провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылысынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. Провинция басшылығының айтуынша, жолаушылар көлігі көрші Нимроз провинциясына бара жатқанда жарылған. Бүгін сондай-ақ, Қабулдың оңтүстігіндегі Логар провинциясында полиция басшылығы жол бойына қойылған бомбадан полицияның көлігі жарылып, төрт қызметкер мерт болғанынын айтып отыр.