Accessibility links

Алматыда үлескерлерді қорғау қауымдастығы құрылады


Қазақстан тұтынушылар лигасының хабарлауынша, Алматыда ұлттық үлескерлерді қорғау қауымдастығы құрылады. Оған соңғы кезде құрылыс компанияларына көлемді қаржы салып, құрылыс салушылардың үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамай, үлескерлер ақшасын жымқырып кету оқиғалары себеп болып отыр. Бүгінгі таңда ғаламдық дағдарыс салдарынан көптеген құрылыс жұмыстары тоқтап, үй құрылысына үлескерлер қаржысын салған бірнеше компания банкрот деп танылды. Астана мен Алматы қалаларында алданған үлескерлер аштық акциясын өткізуде.
XS
SM
MD
LG