Қазақстан үкіметі ауылшаруашылық министрлігінің астық пулын ұйымдастыру ұсынысын мақұлдады. Оған «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамы және астық одағының жекеменшік астық компаниялары кіретін болды. Елдің ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, бұл жаңа егін өнімі жиналғанша жасалып отырған уақытша шара. Және ол астық екпейтін облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы ішкі астық базарын тұрақтандыру мақсатында жасалады. Сонымен қатар бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстан әзірге ұн экспортына тыйым салынбайды, оның қажеттілігі туып отырған жоқ деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?