СИДНЕЙ: Бүгін Ұлыбританияның қорғаныс министрі Дес Браун Ауғанстанның оңтүстігіндегі “Талибан” қозғалысының ықпалына алаңдайтынын мәлімдеді. Аустралияға сапарының барысында Браун Оңтүстік Ауғанстандағы әскери міндеттерін орындаудан кейбір НАТО елінің жалтаруына наразылық білдірген Аустралияның пікіріне қосылды. Британ министрі “Оңтүстік Ауғанстанның “талибаншыл” болуынан сескенетінін мойындады. Сонымен бірге Д.Браун Ауғанстандағы қауіпсіздік пен ресми билікті нығайту арқылы НАТО қауқарлы демократия орнытауға тиіс деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?