Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Абхазия мәселесін талқылайды


Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі сәуір айында Абхазияда Грузия барлау ұшағының атып түсірілгенін Грузия өтініші бойынша бүгін талқыламақ. Біріккен Ұлттар Ұйымы Грузия барлау аппаратын Ресей қырғиұшағы атып түсірді дейді, Ресей мұны жоққа шығарады. Сепаратистік Абхазияның әскері, өз кезегінде, ұшақты біз атып түсіргенбіз дейді. Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Виталий Чуркин Грузия делегациясының ұсынысына қарсы емеспіз, алайда мәжіліске Абхазия өкілдерінің шақырылмағаны өкінішті дейді.
XS
SM
MD
LG