АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалын қолдау және оған атсалысу туралы заңға қол қойды. Президенттің баспасөз-қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы “Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен Қазақстан Республикасынан Каспий теңізі арқылы және Әзірбайжан Республикасының жерімен мұнай тасымалын қолдау және атсалысу туралы келісімді бекіту туралы” заңға қол қойды.