Accessibility links

Кремль грузин ұшағының мәселесін Абхазиясыз талдаудың қисыны жоқ деп санайды


НЬЮ-ЙОРК: Ресейдің БҰҰ-ндағы елшісі В.Чуркин хабарлағандай, Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі жабық мәжілісінде Грузияның ұшағын Абхазияның әуесінде атып түсірген оқиғаны тергеген арнаулы комиссияның баяндамасын талдайды. Құжатта 20-сыншы мамырда Абхазияның әуесінде Грузияның адамсыз ұшағын Ресейдің атып түсіргені айтылады. Оны Мәскеу мойындамайды. Жабық мәжіліс өткізуді өзінің әлгі ұшағын құлатқаны үшін Ресейден түсініктеме беріп, шығынын өтеуді сұраған Грузия талап етті. Абхазия жағы мәжіліске қатыспайды. Бірақ бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров бұл мәселені Абхазияның қатысуынсыз талдаудың еш қисыны жоқ деп санайды.
XS
SM
MD
LG