Accessibility links

Таяу жылдары Қазақстан электр қуатынан мұқтаждық көре бастайды


АЛМАТЫ: 2015-інші жылға қарай Қазақстанда электр қуатының бағасы 15 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, 2005-інші жылы Қазақстанда 68 млрд. киловатт-сағаттан сәл көп электр қуаты тұтынылса, 2007-нші жылы 76 млрд. киловатт-сағаттан артық тұтынылған және егер осы қарқын сақталатын болса, Қазақстанға 2010-ыншы жылы Қазақстанға 95 млрд., ал 2015-інші жылы 117 млрд. киловатт-сағат электр қуаты қажет болады. Ал Қазақстанның қазіргі энергетика өнеркәсібі мұндай электр қуатын бере алмайды. Демек, таяу жылдары Қазақстан электр қуатынан мұқтаждық көре бастайды.
XS
SM
MD
LG