«Егемен Қазақстан» газеті бас мақаласын бірқатар қазақ тілді басылым редакторларын кеше президенттің қабылдап, осы саланың проблемаларын талқылағанына арнапты. Осы кездесуге арналған ауқымды «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» деген мақалада президент редакторлардың экономикаға, әлеуметтік салаға, оралмандарға, мәдениет пен өнер, саясат, т.б. бірқатар салаға қатысты сауалдарына жауап бере келіп, «үш тұғырлы тіл» мәселесінде «қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. ...Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуы тиіс, Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оның қызмет бабында өсуіне де кері әсер ететін болуы керек» деген ой айтыпты. Осы газет 31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тақырыбында берген топтамада «Қазақстандағы саяси репрессия: тарихы мен салдарына» тоқтап, Атыраулық бір қазақ, кезінде Кеңестер одағын құруға ат салысып, кейін Сталинмен идеялық қарама-қайшылыққа байланысты одақтан шет елге қуылған «Троцкий де шешен адам болған» деп айтқан бір ауыз сөзі үшін қамалып, туған-туысымен қудаланғаны туралы айтылыпты.
«Айқын» газеті осы мәселеге байланысты «Үкіметтің ашаршылық құрбандарына ескерткіш қою туралы уәдесін орындамауы қаржы тапшылығынан ба, әлде биліктегілер ұлттық рухтан жеке бастың қамын жоғары қойып жүр ме?» деген, көкейдегі сауалын қойыпты. Сауалға жауап бергендер «жоғарыдағы билік те, жергілікті билік те... халық мүддесінен гөрі өз мүдделерін жоғары қоюда. Олар алдымен, қызметтен айырылып қалудан қорқады. ...бұл – олардың еліміздің тарихын білмейтіндігі, маңызын түсінбейтіндігінде. ...әкім-қаралардың имансыздығы мен аруақтарды сыйлай білмеуінде. ...ашаршылық тек қазақтардың ғана мәселесі, ашаршылық құрбандарына ескерткіш салу, бұл – ұлтшылдыққа бой алдыру деп үрейленуден орын алып отырған жайт» деп жауап беріпті.
«Егемен Қазақстан» газеті Астананың он жылдығына арнаған мақаласын «Тасмағамбетов тастай қылады. Бүгінде елордалықтар аузындағы сөз осы» деп атап, онда Астананың мерейтойына дайындықтың қалай жүріп жатқанын сөз етіпті.
«Время» газеті «Шектен шыққан темір» деген мақаласында «Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы басшысы, қазір «пара алған» деген айыппен қамауда отырған Жақсыбек Құлекеев кезінде жұмыстан босатқанымен, қазір темір жолдың Алматы бөлімшесіне қайтадан басшы қызметке келген кісінің қарамағындағы темір жол бекеттерінің басшыларынан міндеттеп, айына 60 мың теңгеден жинайтыны туралы, ал бермегендерді жұмысынан қуып жібергені туралы жазыпты.
Бірқатар басылымдар «Қазақстан темір жолы» компаниясы «жылдың үздік машинист жүргізушісін» анықтағаны туралы жазса, кейбір басылымдар көптен даулы болған «Қытайдан әкелінген жолаушылар тасымалдайтын вагондар денсаулыққа қауіпсіз. Оған осы вагондармен жүрген мамандар мен журналистер де көз жеткізді. Сонда республикалық санэпидстанция мамандары кімнің сойылын соғып жүр?» деп жазыпты.
«Время» газетінің «Мемлекеттік автоинспекция мені постта кіші дәрет сындыруға мәжбүрледі» деген мақаласында бір жүргізушіні Алматының бір МАИ қызметкері «сен автокөлікті наша шегіп айдап жүрсің» деп қинағаны туралы, ал екінші МАИ қызметкері «бір мың доллар берсең, осы мәселеге «көз жұмбайлық» көрсетеміз» деп айтқаны туралы жазыпты. Сондай-ақ осы басылым Қытайдағы жер сілкінісінен кейін көпшілікті алаңдатып жүрген «Алматыда да жер сілкінісі болуы мүмкін бе?» деген тақырыпты екшелеп, Қазақстан сейсмология институтының профессоры Әзиз Абдуллаевпен сұхбатын басыпты. Онда маман «биыл көпшіліктің жер сілкінеді деп алаңдауына негіз жоқ» деген ой айтыпты.
Бірқатар басылымдар бұзылмақшы үйлеріне берілетін төлемақыға наразы болғандықтан Алматыда он алты күннен бері аштық жариялап жатқан тұрғындарға аудан әкімшілігінің өкілдері келіп келіссөз жүргізіп көргенімен одан нәтиже болмай тұрғаны туралы жазыпты.
«Экспресс К» газеті «аштық жариялап жатқан тұрғындар, бұзылуға жататын үйлерінің бір шаршы метріне берілмекші 2200 АҚШ долларын місе тұтпады, «Алматыжер» ұсынған осы маңайдағы басқа пәтерлерге де барғысы келмеді. Олар төлемақыны нарықтағы бағаға сәйкес 3 есеге көбейтулерін талап етіп отыр» деп жазады.
«Литер» газетінің «Бірыңғай ұлттық сауда» деген мақаласында жылдағыдай «бірыңғай ұлттық тестілеу жауаптары биыл да астыртын саудаға түсер ме екен?» деп сұрапты. Осы газет «Х» сағаты» деген мақаласында «Қазақстанда 2000 жылдан бері электр қуатын пайдалану жылына 5-6 процентке артып отыр. Ал қондырғы мен тетіктердің тозығы жеткен. Сондықтан Қазақстанда электр энергиясының дағдарысы болуы мүмкін. Мамандардың есебі бойынша, қолданыстағы электр станциялары тек 2009 жылға дейін электр қуатын өндіре алады» деп жазыпты.
«Экспресс К» газеті «ҚазМұнайГаз» компаниясы басшысының ауысқаны туралы мақаласында, бір мұнай маманы «бұл ауыс-түйістің астарында жалпы мұнай саласын, осы саланы кезінде басқарған, президенттің ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың адамдарынан тазарту ниеті жатқан жоқ. Себебі, «ҚазМұнайГазды» осы уақытқа дейін басқарған Ұзақбай Қарабалин Құлыбаевтың адамдары тізімінде жоқ. Ал Серік Бүркітбаевты «ҚазМұнайГаздың» жаңа басшысы етіп тағайындауы – жалпы мұнай-газ саласына мемлекеттік бақылауды күшейту ниетінен туындап отыр деп түсіну керек» деп айтыпты.