Accessibility links

Иран парламенті спикер етіп Ларижаниді сайлады


Иран парламенті Али Ларижаниді спикер етіп сайлады. Иранның ақпарат көздері хабарлап жатқандай, 290 орынды заң шығарушы мекемеде Ларижаниді қолдап 237-і депутат дауыс берген. Өткен жылы Иранның ядролық мәмілегері болған Ларижани президент Махмуд Ахмединежадпен кейбір жайттарға келіспей, ол қызметтен кеткен еді. Ол 2009 жылы болатын президенттік сайлауда Ахмединежадтың басты қарсыласы болатыны айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG