Қытай билігі зілзала болған аймақтан 200 мың адамды басқа жерге көшіріп, тағы 1 млн-дай адамға тезірек сол жерден шығу туралы ескерткен соң, сағасы бұзылған көлдің суын тарту операцияларына кірісе бастады. Таньджиашань көлінің суын сору мамырдың 12-де болған қуатты жерсілкінісінен кейін су тасқынының алдын алу үшін жасалып отыр. Циньхуа агентігінің хабарлауынша, арықтар толығымен жасалып бітті, енді жексенбі күні су тартуға кірісе бастайды деген.