Accessibility links

Қазақстанның білім беру саласында әр министр “өзіндік реформасын” іске асырады


АСТАНА: Қазақстанның білім беру саласын кезекті жаңа реформа күтіп тұр. Білім министрі Жансеит Түймебаев мәлімдегендей, келесі жылы орта мектептердегі оқу бітіру емтихандары мен жоғарғы оқу орындарына қабылдау сынақтары тағы да жеке-жеке тапсырылады. Министр “бірыңғай тестілеу сынағы” өзін ақтамады деп есептейді. Ал әзірше орта мектептердің 120 мыңдай түлегі немесе 82 пайызы “бірыңғай ұлттық тест” сынағын тапсыру үстінде. Алайда осыған дейін де талай рет болғандай, биыл да талай кемшілік аңғарылып жатыр. Мысалға, Алматыдағы Ұлттық техникалық университеттің тексерушілері тестің 2 үлгісін шатастырып, нәтижесінде талапкерлердің 70 пайызға жуығы тіпті ең аз деген бал да ала алмаған.
XS
SM
MD
LG