Accessibility links

Нұрлан есімді жігіт қазақстандық азаматтардың саяси белсенділігі жайында пікірін ортаға салады


- Қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі қазіргі кезеңде жоқ деп айтуға болады. Қоғамда болып жатқан саяси және басқа да оқиғаларға азаматтық позициясын білдіру үшін әрбір азаматтың өз ішкі ұстанымы болуы керек.

Ол ішкі ұстаным міндетті түрде өзінің тарихына және ата-бабасынан келе жатқан салт-дәстүрге сүйеніп, содан барып қалыптасуы қажет. Ал, ондай ұстаным қалыптаспаған жағдайда, қазіргі кездегі саясатқа болсын, сол секілді басқа да оқиғаларға қатысты азаматтар белгілі бір ортақ шешімге келеді деп айту қиын.

Ал егерде азаматтарда саяси мәдениет қалыптасып, сол уақытта жұмыстар жасалатын болса – мектеп орындарында, университет қабырғаларында – онда қазіргі кезде жалпы қоғамды реттейтін осы қарапайым адамдар болар еді. Және ол қарапайым адамдар мемлекеттің саясатына, қабылданған заңдарға, үкіметтің жұмыстарына бақылау орнатуға да мүмкіндік алар еді.

Ал, өкінішке қарай, қазіргі кезде қазақ азаматтарынан ондай белсенділікті көре алмай отырмыз.
XS
SM
MD
LG