Сөйтіп, Нью-Йорктен сайланған сенатор Клинтон ханым Демократтар партиясы атынан президенттікке үміткерлік міндетін Иллинойс штатынан сайланған сенатор Барак Обамаға тапсырмақшы. Клинтон компаниясы мәлімдемесіне қарағанда, ол өз қолдаушыларына алғысын айтып, Обамаға қолдауын білдіруді жоспарлауда. Маусымның 3-і күні Обама Демократтар атынан президенттік сайлауға түсетін ортақ үміткер үшін қажетті дауысты артығымен жинаған болатын. Ол алдағы қарашаның 4-дегі президенттік сайлауда республикашыл үміткер Джон Маккейнмен бақ сынасатын болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?