Accessibility links

«Азаттық» радиосының қазақ тіліндегі хабарлары әуе толқынында әлі де қала береді


Қазір “Азаттық” радиосында бірқатар өзгерістер болып жатыр. Бұл жөнінде тыңдармандарымыз бен оқырмандарымызға кеңірек мәлімет бергіміз келіп отыр. Тыңдармандарымыз бізге хат жазып, “Азаттықтың” жағдайы мен бағдарламаларына байланысты сұрақтар жолдап жатыр. Осыған байланысты “Азаттық” радиосының Қазақ қызметінің директоры Мерхат Шәріпжан мынандай түсініктеме берді:

«Соңғы кезде бізге электронды пошта мен телефон арқылы көптеген сауалдар келіп түсіп жатыр. «Азаттық» радиосының кейбір хабарларының өзгеруіне қатысты және «Азаттық» радиосының Алматыдағы бюросының құрамының өзгеруіне байланысты сауалдар қойылып жатыр. Оған бір ғана нәрсе айтуға болады. Қазіргі таңда «Азат Европа / Азаттық» радиосының тек қана Қазақ редакциясы емес, көптеген редакциялары үлкен өзгерістерден өтіп жатыр. Себебі, қазір біз 21-ші ғасырдың бірінші он жылдығын аяқтап келе жатырмыз, яғни осы 21-ші ғасырдың талаптарына сәйкес хабарларды даярлау керек болып тұр. Бұл жерде мен айтып отырғаным - Интернет парақшамызды жаңадан қарастырып, оны жаңартып, мүлдем басқаша жағдайда, басқаша пішінде іске қосуымыз керек. Осыған байланысты біз бюрода атақты, білімді адамдарды “веб”, яғни интернетті жақсы білетін мамандарды жұмысқа тартып алып жатырмыз. Ал енді «Азаттық» радиосының қазақ тіліндегі хабарлары әуе толқынында әлі де қала береді».
XS
SM
MD
LG