Бүгін Алматыда мемлекет қажетіне деп алынғалы отырған өз баспаналарына құрылыс компаниясының ұсынған ақшасына келіспей, 20 күн бойы аштық жариялап жатқан тұрғындар мен құрылыс компаниясының өкілдері Алматыда келіссөздерін бастады. Егер құрылыс компаниясы мәмілеге келмесе, наразы тұрғындар аштық акиясын жалғастыратындарын айтып отыр. Келіссөзге сондай-ақ қала әкімінің орынбасары және түрлі саяси ұйымдардың өкілдері қатысты.