Accessibility links

Грузияның жаңа парламенті алғашқы отырысына жиналды


Грузияның жаңа парламенті сайлаудан кейін өзінің алғашқы отырысына жиналды. Ел оппозициясы сайлау бұрмалаушылықпен өтті деп парламентке бойкот жариялаған, және бүгін парламент үйі алдында жүздеген адам наразылық шеруін өткізді. Оппозицияның парламенттің бірінші отырысымен сәйкестендіріп үлкен шеру өткізу жөніндегі жоспарына президент Михайл Саакашвили кедергі жасады. Президент жоспарланған уақыттан парламент отырысын үш күн бұрын шақырғандықтан, оппозиция шеруді ұйымдастырып үлгермей қалды.
XS
SM
MD
LG