Accessibility links

Д.Медведев әлемдік экономикалық дағдарысқа АҚШ-ты айыптап, Ресейдің көмегін ұсынды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев қызметке кіріскеннен бергі мінберден сөйлеген өзінің бірінші сөзінде, ғаламдық экономикалық дағдарысқа Құрама Штаттарды айыптап, Мәскеудің көмегін ұсынды. Бұл туралы Санкт Петерборда өтіп жатқан Экономикалық форумда айтқан Медведев, Американың үлкен қаржы құрылымдарының тәуекелге баруынан, әлем экономикасының қаржылық саясаты дағдарысқа ұшырады деді:

“Бүгінгі таңда бізде ғаламдық әлемде өмір сүргіміз келе ме, жоқ па, ондай таңдау жоқ. Қазіргі әлем жаханданып кеткен. Және осындай жағдайда, кейбір жеке елдердің әсіресе, олардың ұлттық өзімшілдігінен саяси қателіктердің жасалуы ғаламдық экономикадағы жағдайға қатты салдарын тигізді”.

Осылай деп мәлімдеген Ресей президенті Мәскеу өзінің табиғи байлықтарының арқасында осы мәселені бір жағынан шешуге дайын деп айтты.
XS
SM
MD
LG