Accessibility links

Әсем есімді студент қазақ тілінің қолданылу аясы жайында


- Қазіргі қазақ жастарын толғандыратын мәселелердің бірі – тіл мәселесі. Шыны керек, қазір қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен, ол өз дәрежесінде қолданылып жатқан жоқ. өзге ұлттарды қазақ тіліне үйретпек түгілі, өзіміздің қандастарымыз бір-бірімен өзге тілде сөйлесіп тұрғанын кездестіресің. Бұл, әрине, қынжылтады. «Теңіз – тамшыдан тұрады» дегендей, әрбір «мен – қазақпын» деген азамат осы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өзінің титтей де болса үлесін қосуын мақсат етіп тұтса, онда бір нәтижеге жетеміз. Ахмет Байтұрсынұлы атамыз: «Тілі жоғалған елдің - өзі де жоғалады» деп айтқандай, біз өз тілімізге үлкен көңіл бөлуіміз қажет деп есептеймін.

Жалпы, міндеттеу керек секілді, мысалы, азаматтар жұмысқа тұру үшін болсын, тест тапсырғанда да қазақ тілін міндетті түрде жақсы білуі қажет деген заң ережесі болғаны жөн. Және де, тіпті өзге ұлттар, өзге мемлекеттерге барып, шетелге шыққан кезде қазақ екенімізді сездіру үшін қазақ тілінде сөйлеуміз қажет. Өзге ұлттардың барлығы өз тілінде сөйлейді және біз де – қазақтар да сөйтуге тиіспіз.

Қазір жоғары жақта отырғандардың кейбіреулері қазақша мүлдем білмейді. Егер жоғары жақта отырған адамдардың өздері солай қазақ тілін білмесе, онда олар өздерінен бастауы керек, әркім - өзінен бастауы керек!
XS
SM
MD
LG