Accessibility links

Жоғарғы сотта 14-тен 18 жылдық ұзақ мерзімге сотталған 4 адамның ісі қаралады


АСТАНА: Бүгін Қазақстанның Жоғарғы сотында «Шаңырақ ісі» бойынша сотталып, ұзақ мерзімдерге түрмеге жабылған 4 азаматтың адвокаттарының шағымын қарау басталды. “Шаңырақ ісінде” бас куәгерлер болған ағайынды Айбатыр және Бауыржан Ибраһимовтер тергеушілердің қысымымен сотта жалған ақпар бергендерін мәлімдеп, осыдан 1 ай бұрын бастапқы сөздерінен бас тартқан болатын. 2007 жылдың күзінде «Шаңырақ ісі» бойынша 24 адам “жаппай тәртіпсіздікке қатысты” деп танылып, оның ішінде Рүстем Тұяқов, Ерқанат Тараншиев, Құрманғазы Өтегенов және Арон Атабек, – 14 пен 18 жылдық мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылып, қалғандары 3 жылға дейін шартты түрде сотталған болатын. Олардың адвокаттары «Шаңырақ ісі» бойынша сот үкімінің әділетсіз болғанын айтып Жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым жолдады.
XS
SM
MD
LG