АСТАНА: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үкімет “Қазақмыс” компаниясының 15 пайыз акциясын сатып алды. Осы хабарға сәйкес, “Қазақмыс”-тың акциялары – “Eurasian Natural Resources Corporation" (ENRC) компаниясының мемлекет иелігіндегі акциялары “Қазақмыс”-тың қосымша шығарған акцияларына айырбасталды. Осылайша Қазақ үкіметі республиканың тау-кен өнеркәсібіндегі ірі 2 кәсіпорынның да акционеріне айналады. Оның ішінде үкімет ENRC компаниясындағы 12 пайыздай акциясын сақтап, “Қазақмыс”-тың 15% акциясына ие болады. Өз кезегінде “Қазақмыс” ENRC компаниясындағы акцияларын 14.59-дан 22.24 пайызға дейін ұлғайтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"