Accessibility links

Қазақ диссиденті жазушы Кәрішал Асан-Ата мемлекеттің жоғары билігіндегі ауысым мәселесі жайында


- Қытайды ұзақ уақыт ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Мао Дзе Дунның халықаралық журналистерге берген ең соңғы сұхбатында айтқан бір сөзі жайлы кезінде баспасөз беттерінен оқып едім. Қытайдың барлық үкімет мүшелерінің қатысуымен өтіп жатқан бір жиын үстінде Маоға АҚШ журналисті сұрақ қойыпты: «Сізден соң елді кім басқарады?» деп. Сонда ол: «Анау отырған адам болады» деп, шеткерірек жерде, жұртшылықтың арасында өзін қарапайым ұстап отырған бір адамды нұсқапты. Ол адам – Дэн Сяопин екен.

Кейін, Мао өлген соң билік басында болған сол Дэн Сяопин бастаған жаңашылдық реформасы бас-аяғы жиырма жылдың ішінде Қытайдың экономикасын қалай өзгертіп, алға жылжытқанына біз қазір куә болып отырмыз. Ал енді осыны менің ойыма түсірген нәрсе, Қазақстанда да жиырма жылдай ел басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен апта соңында Атырауда айтқан сөзі болды.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті мәжілісінен кейін ол кісі журналистердің сұрағына берген жауабында өзінің саяси мұрагері жайында сөз қозғаудың реті жоғын айтып, өзінің әлі тың екенін, осы жұмысты ары қарай атқара беретінін мәлімдеді.

Ал енді осыны Мао Дзе Дунның жаңағы сөзімен салыстырып көріп, менің қарным ашты. Жалпы біз кейде дүниеде осындай жайттарды елей бермейміз. Ал негізінде бұндай айтылған мәлімдемелерді салыстырып отырған жөн дер едім.
XS
SM
MD
LG