Accessibility links

Алматылық Ахмет парақорлықпен күрес туралы


- Мына біздің қоғамымызда парақорлық етек алып бара жатыр. Бұл парақорлық жайылуының себебі, онан кейін салдары бар. Сондықтан, пара алған адамды соттап қана қоймай, оның себебін де іздеу керек қой. Парақорлық неден шығады? Оның себебі қандай?

Мынау газетте жазып, теледидарда айтып жатады: бұл парақорлық деген дүниежүзінің мемлекеттерін де жайлап алған пәле, оны түбірімен құртып жіберу мүмкін емес деген сияқты әңгімелерді жиі естиміз. Ал неге оны құртып жібермеске?

Қазіргі заманда біздің Қазақстанда қолына билік тиген шенеунік, мейлі ол бір кішкентай қызмет болса да, пара алады, барлық жерде. Басына бас әрбір шенеунік пара алады.

Алдымен енді оның себебін іздеу керек деп ойлаймын. Әйтпесе, «парақорлыққа қарсы он соққы береміз» деп жүр ғой, ал соққы беру үшін – күш қолдану керек. Парақорды қалай тауып, қалай ұстауға болады, соған мән беру керек. Себебі, ешкім де «мен - парақормын» деп айтпайды, ал «ана адамға пара берген едім» деп мен айтпаймын, мәселенки. Сондықтан алдымен осының қоғамдағы себептерін іздестіру керек, тек содан кейін ғана пара деген бәлені құртуға болатын шығар. Онсыз бұл «парақорлыққа қарсы он соққы» деген әшейін құр айқай-шу, ұран боп қалады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG