Accessibility links

АҚШ бас прокуроры Гуантанамо трибуналдары жалғаса береді дейді


АҚШ бас прокуроры Майкл Мюкасей Жоғарғы сот Гуантанамо соғыс тұтқындары түрмесінде отырғандардың құқықтарын кеңейтіп, азаматтық сотқа шағымдану мүмкіншілігін берсе де әскери трибунал соттары жалғаса береді деп мәлімдеді. АҚШ Жоғарғы соты Гуантанамо тұтқындарына мұндай құқықты көпшілік дауыспен берді, адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар бұған қанағат тұтты. АҚШ бас прокуроры Гуантанамо тұтқындарын тергеп жатқан әскери трибуналдар бұған қарамастан жұмысын жалғастыра береді дейді. Гуантанамо түрмесінде 270 шақты азамат отыр, олар “Әл Қаида” мен “Талибан” жағында соғысқан делінеді.
XS
SM
MD
LG