Accessibility links

Кенесары Қарауылов Семей орманының аянышты жағдайы туралы


- Семейдің орманы – қаланың көркі еді. Бірақ, сол қайран орманның жағдайы қазір өте мүшкіл. Қазір орман арасында орманды кесіп, шауып жүрген қаптаған бригада кезіктіресіз. Оның арасында тиісті мекемелердің келісімін алғандар да бар, оларға қоса өз бетінше орманды отап жатқандар да жүр. Солардың көпшілігі жоғары орындарда отырғандардың – шенеуніктердің, заң қызметкерлерінің, орман қызметкерлерінің құрған жекелеме бригадалары.

Небір ауыр заманда, тіпті сұрапыл соғыс кезінде де, ашаршылық жылдарында да ел тиіспеген сол орман тәуелсіздік алғаннан кейінгі бас-аяғы оншақты жылдың ішінде қаңырап қалды. Қазір титтей жел тұрса, жер-көкпен құм ұшып, қаланы құм басып алады. Сондай деймін-ау, кейін біз осы Семейді құмның арасынан іздейтін шығармыз мына түрімізбен.

Береке болмай кетті бұл орманда қазіргі заманда. Жүк машинасымен де, вагонға тиеп те әкетіп жатыр, қайда кетіп жатқаны белгісіз. Әлгілердің кейбіреуін ұстайды, бірақ олар бір-екі күн тұрады да, сонан кейін сытылып шығып кетеді, қалай кетіп қалатынын тағы білмейсің...

Бір кездері жайқалып өсіп тұратын Семей орманы қазір бұрынғыдан кем дегенде екі жарым есеге азайды, аймақтың көк желегі тым жүдеп кетті. Жалпы, Семей өңірінде орман-тоғай құрыды десе болғандай.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG