Accessibility links

Қазақстан 2007-нші жылы Бішкекте қол қойылған келісімді бекітті


АСТАНА: Бүгін Қазақстан Парламентінің Сенаты “Бірлескен әскери жаттығулар өткізу туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы келісімді бекіту туралы” заңды қабылдады. Енді заң парламенттің қос палатасында да толық мақұлданып, президенттің қол қоюына жіберілді. Осы келісімде Шанхай Ұйымы кеңістігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке және саяси тұрақтылыққа төнген қатерге Ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің күш біріктіріп, оған табанды тойтарыс беру мәселесі және бірлескен әскери жаттығуларға әзірлену мен өткізудің құқықтық ұйымдық негіздерін қарастырылған. Келісімге 2007-нші жылдың маусымында Бішкекте қол қойылды.
XS
SM
MD
LG