Accessibility links

Ирландиядағы референдум Еуроодақтың кеңеюіне бөгет болуы мүмкін


ЛЮКСЕМБУРГ: Еуропа Одағын кеңейту мәселесі бойынша арнаулы өкіл О.Рен өткен аптадағы Ирландияда болған референдумда Еуроодақты реформалау туралы “Лиссабон келісімінің” қабылданбауы Одақты кеңейтуге еш әсер етпейді деп мәлімдеді. Ол атап көрсеткендей, Ирландиядағы референдум мен Еуроодақтың кеңеюі арасында “ешқандай байланыс жоқ”. Орталық Еуропа елдері басшыларының бүгін Прагада өткен кездесуінде поляк премьері Дональд Туск оның сөзін қайталап, Хорватия мен Украинаны және Сербияны Еуроодаққа қабылдау үшін көп іс атқару керектігін айтты. Алайда Еуропарламентінің төрағасы Ханс-Герт Петтеринг Ирландиядағы референдум Еуроодақтың кеңеюін әзірше тоқтатып қояды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG