Accessibility links

Н.Назарбаев 4 күндік ресми сапармен Күншығыс еліне барады


АСТАНА: Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, маусымның 18-22 күндері президент Н.Назарбаев 4 күндік ресми сапармен Жапонияда болады. Оның барысында Күншығыс елінің басшылығымен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талдайды және келіссөздің қорытындысы бойынша экономика саласындағы бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Оған қоса қазақ-жапон бизнес форумы өтеді. 2007-нші жылы Қазақстан мен Жапонияның арасындағы тауар айналымы 55 пайызға ұлғайып, 1,7 млрд. долларға жеткен.
XS
SM
MD
LG