Accessibility links

Қазақстанда мемлекет меншігіне жататын жерлер жаппай талап-таражға түскен


АСТАНА: Қазақстанның “Жер туралы” заңын бұзған жайттардың жартысы жерге деген мемлекеттік меншік құқына немесе жер телімдерін өз беттерінше басып алуға жатады. Бүгін паламенттегі “үкімет сағатында” жер ресурстарын басқару Агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков осылай деп мәлімдеді. Барлық меншік түрінің 2007-нші жылы жіберген заңсыздықтарын саралағанда, олардың 46 пайызы мемлекеттік меншік құқын бұзуға немесе жер телімдерін өз бетінше басып алуға; 20 пайызы – жерді ысырапсыз пайдалануға немесе ауыл-шаруашылық жұмыстарына арналған жер телімдерін пайдаланбаған оқиғаларға, 17 пайызы – жерді тіпті басқа мақсатқа пайдаланған жайттар жатады.
XS
SM
MD
LG