Халықаралық НАТО қауіпсіздік күштерінің жариялаған мәлімдемесінде әскери база Пәкістан тарабынан артиллериядан атқыланды деп жазылған. Жараланғандар мен басқа да зардап шеккендер туралы мәлімет берілмеген. НАТО Пәкістанды Ауғанстанмен шекарасының қауіпсіздігін нығайтуға шақырды.