15 жыл бойына оппозициялық «Яблоко» партиясының жетекшісі болған Григорий Явлинскийді алмастырған Сергей Митрохин бұған дейін Мәскеу қалалық думасының депутаты, партияның қалалық бөлімшесінің жетекшісі міндетін атқарған. Явлинскийдің өзі сайлауға түсуден Митрохиннің пайдасына бас тартатындығын айтқан. Ресейде желтоқсан айында өткен парламенттік сайлауда «Яблоко» жеңіске жете алмаған еді, Батыс ол сайлау демократиялық талаптарға сай болмады деп айыптаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр