Қытайдың İле аймағында туып-өсіп, сонда жоғары білім алған, бұл күнде Америкада ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын Нұршат Нұраджи «Gradute Student Silver Award» қоғамының арнайы сыйлығымен марапатталды деп хабарлаған Қазақпарат агенттігі. Қытай халық ғылым академиясында жұмыс істеген жылдары шикі мұнай дегидрациясының проблемаларын зерттеген Нұршат қазір ток өткізетін полимерлердің, ферроэлектрлік материалдардың синтезімен және наноэлектронды құрылғыларды жасау үшін наноқұрамдас бөлшектерді құрастырумен айналысады деп жазады Қазақпарат.