Accessibility links

Студент Жұмабек Асхатұлы қазақ тілді техникалық оқулықтардың жетіспеушілігі турасында


- Қазақ тіліндегі техникалық саладағы оқулықтар жоқтың қасы деуге болады. Кейбір кітаптарды табу оңай емес. Ол қазақ тілді мамандардың жетіспеушілігінен де шығар. Мүмкін, техникалық оқулықтарды жазуға қалам тербейтін ұстаз-мамандар аз ба?

Студенттер кейбір техникалық саладағы керекті тапсырмаларды Қытай тіліндегі оқулықтардан аударып, оқиды. Әрине, Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, оны Қытай елімен салыстыруға келмейді.

Сондай-ақ, Қазақстанда техника саласындағы оқулықтардың бірден көбейіп кетуі де қиын. Алайда, бізде мықты, білікті техника ғылымдарының мамандары бар ғой. Болашақта сол мамандарға министрлік тарапынан оқулықтар шығаруға тапсырыс берілуі керек. Болмаса, сол ғалымдардың бұрын жазып кеткен еңбектерін жаңартып, түрлендіріп қолданысқа енгізу қажет.

Тағы бір айта кететін мәселе, техникалық мамандықтарда оқып жүрген ізденуші студенттерді жақсылап тәрбиелесе, онда олардан келешекте үлкен дүниелерді күтуге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG