Accessibility links

Ауғанстанда тәліптерге қарсы операция басталды


Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бүгін Қандағардың жанында болған әскери шарада 2 ауған сарбазы қаза тауып, 20 “Талибан” бүлікшісі өлтірілген. Канадалық НАТО сарбаздарының көмегімен Ауған күштері елдің оңтүстігіндегі Қандағар өлкесіне жақын ауылдарда орналасқан тәліптердің көзін жою үшін үлкен операция бастаған болатын. Ал Хелманд өлкесінде болған шабуылдан екі ағылшын жауынгері опат болып, екеуі жарақат алды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG