Accessibility links

Студент Серікбол Хасан білім жайында


- Бүгінгі таңда кез-келген жасты білім мәселесі толғандырады. Өйткені, басқа да ұлт, тіл мәселелері білімге келіп тіреліп жатады.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді халық даналығы. Сол демекші, 6 жасынан мектеп табалдырығын аттаған бала жақсы тәрбие алып, сапалы біліммен сусындаса, оның болашақта мықты азамат болатынына сенуге болады. Ал, керісінше, мектеп қабырғасында-ақ түрлі бетбұрыстарға көңіл аударса, онда оның келешегі күмәнді.

Тағы бір мәселе, қазіргі таңда 9-11 сыныпты бітірген оқушылар Ұлттық бірыңғай тест сынақтарын тапсырады. Баланың миын ашытатын бұл тест оларға бір себептен кедергі де келтіруде. Оның үстіне биылғы оқу жылында жаңа реформа енгізіп, оқушылар 6 пәннен емтихан тапсырды.

Білім саласында министрлердің жиі ауысуы жылда жаңа реформаның енуімен ерекшеленеді. Оның өзі оқушының басын қатыру, оларды шатастыру деп санаймын. Болашақта мектеп бітірген түлектер Ұлттық бірыңғай тест орнына ауызша емтихан тапсырса деген тілегім бар.
XS
SM
MD
LG