Мысыр елі арағайындық еткен бұл бітім бойынша, Газа аймағынан Израилдың ракетамен атқылануы, өз кезегінде Израилдың жауап шабуылдары доғарылатын болды. Израил премьер-министрі Ехуд Олмерт егер Палестина жағынан атқылау жалғасатын болса, әскерлер жауап беруге әрқашан да дайын тұрады деп ескертті. Газаны билеп отырған Хамас тобының жетекшісі Исмаил Хание палестиндіктер бітім талаптарын бұзбайды деген сенім білдірді.