Accessibility links

Ауған ресмилері Кандағар өлкесі тәліптерден тазартылды деп мәлімдеді


Халықаралық коалиция күштерінің қолдауымен ауған жасақтары Кандағар қаласының маңайынан тәліп бүлікшілерін шығарды деп хабарлаған Ауған ресмилері. Әуе күштерінің көмегімен бүлікшілерге қарсы ірі операциялар Аргандаб ауданында жүргізілуде. Кандағар өлкесінің губернаторы Асадулла Халид өткен бірнеше күн ішінде көпшілігі пәкістандық болған жүздеген тәліп жараланды және өлтірілді деп мәлімдеді. Дегенмен де бұл деректі НАТО ресмилері растай қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG