Accessibility links

АҚШ қаржы департаменті өзбекстандық террорлық топ мүшелерінікі деп күдіктелген банк есеп-шоттарын жапқанын хабарлады


Аталған департамент ол есеп-шоттар Ислам жиһады одағының жетекшісі Нажимиддин Джалолов пен оның орынбасары Сухаил Бурановқа тиесілі деп айтқан еді. Бұл топтың Әл-Қаидамен байланысы бар және олар 2004 жылы Өзбекстанда болған бомба шабуылдарына жауапты делінеді. Өткен жылы Германия өзбекстандық террорлық топтың мүшесі деп күдіктелген үш адамды тұтқындап, оларға Германияда қастандық шабуылдарын ұйымдастырмақшы болды деп айып таққан болатын.
XS
SM
MD
LG