Accessibility links

Прагада Астананың 10 жылдығына арналған конференция өтті


Бұл күндері Прагада Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның жаңа астанасының 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізілді.

- Конференцияға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың чех тіліне аударылып жарық көрген жаңа кітаптарының да тұсаукесері орайластырылды, - дейді Қазақстанның Чех республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Анарбек Қарашев.

Конференцияда Чех парламенті сенатының өкілдері мен Карлов университетінің профессорлары Қазақстан турасында сөз сөйлеп, Орталық Европа жерінде қазақ студенттерін оқытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама таныстырылды. Мартинск сарайында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тарихы мен өзгерген жаңа Астананың келбетімен таныстыратын көрмені де тамашалаушылар көп болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG