АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламенінің Сенаты “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға қосымша енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады. Сенаттың әлеуметтік-даму комитетінің қорытындысында айтылғандай, заңға енгізілген қосымша жаңа мемлекеттік мерекені – Қазақстан халқы үшін тарихи-мәдени маңызы бар 6-шілде – “Астана күнін” белгілеу мақсатында әзірленді. Басқаша айтқанда, Қазақстанды ұлттық тәуелсіздігіне дейін және қазір де үзіліссіз 19 жыл билеп келе жатқан президент Н.Назарбаевтың туған күні “мемлекеттік мереке” ретінде қабылданып отыр.