ВАШИНГТОН: Зимбабведегі президент сайлауына қазіргі мемлекет басшысы Р.Мугабе жалғыз үміткер болып қалды. Оппозиция серкесі әрі оның басты бақталасы Морган Цвагирай сайлау науқанын әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Ол сайлау науқанын жалғастыра беру - өзінің үзеңгілестерін қатерге тігу деген сөз деп мәлімдеді. Мугабенің билігі соңғы айларда оппозицияны жаппай қудалауға алып, қарсыластарына теңдессіз қысым көрсетіп келеді. Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі президент сайлауының екінші туры 27-маусымда өтетін Зимбабведегі ахуалды талқылауға тиіс. Ресми Вашингтон Р.Мугабенің өз халқын үнемі қанай беруіне жол беруге болмайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV