Accessibility links

2030-ыншы жылға қарай әлемдегі АЭС-тердің саны 60 пайызға артады


СЕУЛ: Атом қуаты бойынша МАГАТЭ агенттігі директорының орынбасары Юрий Соколов Оңтүстік Кореяда бүгін басталған конференцияда атом электр стансаларының ХХІ-інші ғасырда электр қуатын өндіретін маңызды көзге айналатынын мәлімдеді. 2030-ыншы жылға қарай әлемдегі АЭС-тердің саны 60 пайызға артады. Қазір бүкіл әлемде 440 АЭС жұмыс істесе, оның 103-і АҚШ-та. Францияда барлық электр қуатының 80 пайызы АЭС-терде өндіріледі. Ал Қазақстанның Ақтау қаласындағы атом реакторы істен шығарылып, жаңа атом-электр стансасын салу енді ғана жоспарланып отыр. Оның есесіне Қазақстан атом стансаларына қажетті уран өндіруден бүкіл әлемде 3-інші орынға шықты, таяу жылдары 1-інші орынға шығуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG