Көлік жүргізуші, 62 жасар Вячеслав Казнин ғұмырының тең жартысын осы кәсіпке арнаған адам. 2004 жылдың 13 ақпанында жұмыс бабымен келе жатқан ол, жол-көлік оқиғасына тап болады.
- Бұл оқиға кешкі сағат 6 шамасында болды. Мен қоғамдық көлікті жүргізіп, Алматының Достық көшесімен төмен түсіп келе жаттым. Қарсы алдымнан джип көлігімен келе жатқан жүргізуші ережені бұзып, менің алдымнан бұрылды. Ол мені өткізіп, бұрылуы керек еді. Алайда ол жол жиегіне көлігімен шығып кетті де, мені қуып жетіп, мен жақтағы терезеге тақап, жұдырығымен құлақ-шекеден ұра бастады. Автобустан шығарып, тепкінің астына алды. Не керек, есімді әрең жидым. Бес ай бойы ауруханада жаттым. Осы күндері құлағым естімейтін болды, - дейді Вячеслав Казнин.
Жәбірленуші әділеттікке қол жеткізе алмауын, әлімжеттік көрсеткен жүргізуші зайыбының заң орнында жұмыс істейтіндігімен байланыстырып отыр:
- Жамаловтың әйелі прокуратурада қызмет ететінін біраз уақытқа дейін білгенім жоқ. Бірнеше рет прокуратураға сұрау салғаныммен олар менен жасырып келді. Мен ол туралы «Время» газетіне шыққан мақала арқылы оқып-білдім, -деді ол.
Вячелав Казниннің қорғаушысы Руслан Алимурадовтың айтуынша, істің бұлайша ұзақ созылуы ақылға сиымсыз.
- Есенғали Жамаловқа осы мәселеге қатысты бастапқыда қылмыстық іс қозғалған. Ол іс алғашқыда Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде қаралды. Оның бұл әрекеті ҚР қылмыстық істер туралы заңы бойынша, сотқарлық деп танылған. Қылмыстық іс Алматы қаласы ішкі істер департаментіне жіберілгенімен, сол қалпында қозғалмай қалды. Осы уақытқа дейін бұл іспен 7 адам айналысты. Мұндай заңсыздықтың орын алуы Есенғали Жамаловтың жұбайы Сәуле Қабжановамен байланысты. Ол Алматы қалалық прокуратурасында жоғарғы басқарма прокуроры қызметін атқарады. Менің таң қалып отырғаным, Қазақстанда қолыңда билігің, ақшаң болса заңды белінен басып жүре беруге болады. – деді қорғаушы Руслан Алимурадов.
Осы мәселеге қатысты Есенғали Жамалов пен оның жұбайы Сәуле Қабжановаға бірнеше мәрте телефон шалғанымызбен, олармен тілдесу мүмкін болмады. Ал Вячелав Казнин түбі әділеттілікке жететініне сенеді.
- Мен құқық-заң органдарынан ештеңе күтпеймін. Себебі, менің олардан көңілім әбден қалған. Әрине, БАҚ арқылы бұл мәселе бірде болмаса бірде қаралады деп сенемін, - деді Вячаслав Казнин.
Біз осы мәселеге қатысты адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің пікірін білген едік:
- Қазақстанда биліктің тұтқасын ұстаған адам мен қарапайым азаматтың арасындағы даулы мәселе заң аясында мүлдем шешілмейді. Әрине, мұндай мәселеде заңның бәрі биліктің, қалтасы қалың жандардың қолында болады. Заң алдында бәрі бірдей тең емес. Оның өзі қызметіне, ақшасына қарай жіктеледі, - деді Евгений Жовтис.