Еуропа Одағы мен Ресей бүгін жаңа серіктестік жөніндегі келісімге қатысты келіссөздің басталатындығы туралы жариялады. Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Еуроодақ басшыларының айтуынша, келіссөздің бірінші раунды шілденің 4-де Брюссельде өтеді. Бұл туралы Сібірдің Ханты-Мансийск қаласындағы саммиттің аяғында мәлім болып отыр. Мәскеумен арадағы жаңа келісімді Шығыс Еуропа елдері екіжақты сауда мен энергия мәселелеріне қатысты дауға орай 18 айға тоқтатып қойған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV