Accessibility links

Ұстаз Эльмира Бақтығалиқызы бала тәрбиесі туралы


- Қазіргі жастар осы кітап оқымайды. Кейіннен шығып жатқан жас ақын-жазушылардың шығармаларынан бейхабар. Соңғы кездері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен интернет клубтарға бас сұға қалсаңыз, 5 жастан жоғары балалардың компьютер алдында телміріп отырғанын көресіз.

Олардың кітапқа деген көзқарастары өзгерген. «Неге кітап оқымайсың?» деген сауалға, «кітап оқығанша интернет залына барғаным артық» деп жауап береді. Тәрбиенің бастауы - бесіктен басталады.

Бесік жырын тыңдап, соның әуенімен өскен бала ол мүлде басқа бала. Осы күндері бесік жырын айту әрбір ананың қолынан келмейтін болды. Баланың тілі былдырлап шыға бастағанда оның тілін сындырып, жаңылтпаш жаттату керек.

Одан кейін 5-6 жасқа жеткенде халық ауыз әдебиетімен, оның ішінде қиял-ғажайып ертегімен сусындату тағы қажет. Осының бәрін бойына сіңіріп өсетін баланың болашағынан үлкен нәрселерді күтуге болады. Біздегі басты қателік - ата-ана тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмағандығы. Осы күндері бата беретін қария, ертегі айтатын әже азайып бара жатыр.
XS
SM
MD
LG