АСТАНА: Қазақстанның Мадридтегі уәдесінің бірі - баспасөз туралы заңды жетілдіру болатын. Бүгін өткізген Интернет-конференциясында Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдегендей, “Баспасөз құралдары туралы” заңға өзгертулер енгізу туралы заң жобасын әзірлей бастады. Министрліктің түсіндіруіне қарағанда, Қазақстандағы “Internews network”, сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық “Әділ сөз” қоры, “Қазақстаның журналистер одағы”, “Бас редакторлардың клубы”, “Қазақстанның теле-радиохабарлар таратушыларының ұлттық ассоциациясы” сынды үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылған. Әзірленіп жатқан заң жобасы қазіргі заңды демократияландыруды көздейтін көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?