Accessibility links

Иерусалимде бульдозер шабуылынан 3 кісі опат болды


Бүгін Иерусалимде бульдозер автобус пен бірнеше автокөлікке соғылды, кемінде 3 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды. Полиция бұл оқиғаны “лаңкестік шабуыл” деп атады.

“Трактордың ішіндегі бір террорист менің артымдағы Жаффа көшесіне келіп, барлық нәрсені қиратты”, - дейді полиция қызметкері.

Полицияның хабарлауынша, бульдозердің ішіндегі адам Шығыс Иерусалимнен Араб азаматы болған және ол атып өлтірілген. Шабуыл болған жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан екен.
XS
SM
MD
LG