Accessibility links

Сымбат есімді бойжеткен замандастарының білім алуы турасында


- Мені толғандыратын мәселе – қәзіргі жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттап бара жатқаны. Көптеген ата-аналардың қалтасы көтермейді. Сол себептен, көптеген қазақ жастары далада қаңғырып жүр немесе жай ғана қарапайым, мамандықсыз жұмыс істеп жүр деп айтсақ та болады.

Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік гранттар көбірек бөлінсе дейміз, және де ауылдағы жастарға, сондай-ақ, басқа да қарапайым отбасының балаларына жеңілдіктер берілсе. Болмаса бір мамандықты ала отырып, сол мамандықпен қатар белгілі бір уақытта ғана жұмыс істесе деп ойлаймын.

Өйткені, қазір көптеген жас қыз-жігіттер түнгі клубтарда, кафе-мейрамханаларда даяшы болып жұмыс істеп жүр. Жағдайы жоқ адамдар оқымай, мамандықсыз қалып, қара жұмыстар атқарып жүреді, жастық ғұмырында армандаған білім алуға мүмкіндігі болмайды.

Жағдайы жоқ жанұяларды алып қарар болсақ, олардың көбінің әкесі немесе анасы жоқ. Сол секілді мүгедек отбасылар болады. Олар өздерін асыраумен бірге, жанұясын да қатар асырайды.

Сол оқығысы келетін, бойында таланттары мен оқуға деген құштарлығы бар жастардың далада қалып жүргені қатты толғандырады. Ал бірақ, сонымен бірге, көбінесе университет қабырғасында жүріп, жай ғана келіп-кетумен шектеліп жүрген де жастар бар.
XS
SM
MD
LG