Accessibility links

Алматылық Айман есімді студент өзі құралыптас жастардың әдебиетке көзқарасы туралы


- Бүгінде жастардың кітап оқымайтыны туралы көп айтылып жүр. Бұл, бір жағынан, жаңсақ пікір дер едім. Екіншіден, қазіргі шығып жатқан әдебиеттер бұрынғыдай жастарға ұсынылып жатқан жоқ. Оларда қайдан алып оқу керек екендігін де білмеуі мүмкін кейбір жастар.

Менің ойымша, оларды жарнамалау аз болып жатқан сияқты. Сондықтан, жастар қалтасында аздаған тиын-тебені болса, Интернетті ақтарып, сонда уақыт өткізгенді дұрыс көреді, немесе күнделікті газет-журналдар бар, соларды оқумен шектеледі.

Осылайша, бұрынғы заманмен салыстырғанда, қазіргі жастарға көркем әдебиетті алмастыратын дүниелер жеткілікті тәрізді. Өйткені қазір технологияның дамыған заманында жастар көбірек сол технологияларға жақын болатындықтан, жастардың жүрегіне жолды да сол технологиялар арқылы табу керек.

Кінәнің барлығын тек оқушыларға ғана артып қоюға болмайды. Менің ойымша, қазіргі жастар - өз деңгейінде білім алып жатқандар.
XS
SM
MD
LG