“Азаттық” радиосының түркмен қызметіне пікірін айтатын Сазак Дұрдымұрадов Түркменстандағы қамаудан босатылды. Бұл хабарды Дұрдымұрадовтың туысы “Азаттыққа” берген сұхбатында растады. Өткен айда Түркмен полициясы Дұрдымұрадовты ұстап алып, елдің шығысындағы психиатриялық емханаға жатқызған болатын.